Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
14.06.2021

Аттестат табыстау рәсімі

ҚР Білім және Ғылым министрлігі 14 маусым Қазақстанда барша 11- сынып түлектеріне аттестат табыстау  салтанатын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Шешімге сәйкес  іс-шара міндетті түрде әр мектептің өз аумағында, ашық алаңда, белгілі бір мөлшердегі адамдардың қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізуді қатаң ескертті.

Бүгін аталған талаптарды сақтай отырып Тамды  орта мектебінің ауласында аттестат табыстау рәсімі болып өтті. 11-сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен өткен жиында мектеп директоры Жамансарина Алтын Имановна   сөз сөйлеп, алдағы өтетін ұлттық біріңғай тестілеу сынағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдарына ақ жол тілеп, ата-аналар мен ұстаздар қауымын құттықтап, түлектерге аттестаттарын табыстады.

Бүгінгі күнге дейін білімде жоғары деңгей көрсетіп жүрген білім ордасынан 16  жас түлек сапалы білім мен саналы тәрбие алып, болашаққа қанат қақты. Оның ішінде Сатаева Линара Русланқызы, Тынымқұлова Алтынзер Алмасқызы «Алтын белгінің» және Саранова Назерке Русланқызы «Үздік аттестаттың» иегері атанды. Сонымен қатар білім мен спорт, өнер саласында жетістіктерге жетіп жүрген түлектер де марапатсыз қалмады.

Салтанатты рәсімнің барысында мектеп бітірушілер білім ордасына деген  қимастық әндерін айтып, мектеп қабырғасындағы соңғы билерін биледі.
12.06.2021

Кел, жаңылтпаш айтайық

Оқушылардың бос уақытын тиіді пайдалану және ойлау, сөйлеу дағдыларын шыңдау мақсатында мектебімізде бастауыш сынып оқуышлары арасында ""Жаңылтпаш айтудан жаңылмайық!" тақырыбында жаңылтпаш жарысы өтті.
11.06.2021

Сурет салу сайысы

Тамды орта мектебі бойынша оқушылардын бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында "Менің елім,менің ауылым" тақырыбында суреттер салды.
09.06.2021

Өзенге саяхат

Оқушылардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында тәлімгерлер оқушыларды ауылымыздан өтетін Елек өзеніне саяхатқа апарды. Оқушылар өзен бойында доп ойнап, белгіленген жерлерде шомылып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты
10.02.2021

Танымдық сабақ

15 ақпан- Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылған күніне орай 3 сынып оқушыларымен " Ауған соғысы" атты танымдық сабақ өткізілді.
08.02.2021

Біз рәміздерді құрметтейміз

"Біз рәміздерді құрметтейміз"тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
Сынып жетекшісі:Талипова Ләйла Бекболқызы
05.02.2021

Независимость - превыше всего

Согласно письма Н.Бертлеуовой от 26.01.2021года номер 385, направленное на основании задания Президента РК Токаева К.Т. "Независимость превыше всего", в Тамдинской средней школе, 1.02.2021года, среди учащихся 5 "Б" класса, проведено внеклассное мероприятие, посвящённое одному из лидеров Алаш Орды, комиссару Временного правительства по Казахстану, первому премьер-министру Казахстана, Алихану Букейханову, которому в этом году 5 марта 2021 года исполнится 155лет. Учащиеся после ознакомления материалом об Алихане Нурмухамедовиче Букейханове, предоставленным учителем истории Балтагариной Жанары Адылгереевны, написали эссе о жизни и деятельности А.Букейханова.
01.02.2021

Доброе сердце - щедрая рука

В рамках акции "Доброе сердце- щедрая рука", приуроченная юбилею Независимости Республики Казахстан, Умаров Аскар Хамарадинович оказал посильную помощь многодетным семьям, в виде продуктов первой необходимости.
Администрация школы выражает огромную благодарность за проявленную доброту и заботу. За доброе сердце и щедрую руку!
29.01.2021

Қарым-қатынас мәдениеті

Мектеп психологы-Мұратқызы Майгүл 5 -сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын-алуға байланысты "Қарым-қатынас мәдениеті"тақырыбында түсiндiрме жұмыстарын жүргізді.
28.01.2021

30 қайырымдылық іс

Тамды орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл "30 қайырымдылық іс"акция аясында "Таза білім беру ұйымы" мектеп ауласын тазалау акциясы өтткізілді
20.01.2021

Түсіндіру жұмыстары

"Ақтөбе-адалдық алаңы" жобасы аясында Тамды орта мектебінің ұстаздарымен "Мемлекеттік қызмет-өмірлік ұстаным" атты тақырыпта түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Өткізген мектеп директоры: Жамансарина А.И.
04.01.2021

Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!!!

"Қазақстан балалары - қысқы ғажайып!"жобасы аясында каникул кезінде балалар бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз"тақырыбында спортық іс -шара ұйымдастырылды.
28.12.2020

Алғыс білдіреміз!!!

Елжандылықтың тамыры кіндік қаны тамған жерді, өскен өлкені сүю, оған құрмет таныта білу. Бұл орайда, туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген кәсіпкер Каспранов Шамиль Гайнановичті ерекше атап өтуге болады. Өз ісінің майталманы Шамиль Гайнанович, биылғы жылы Тамды орта мектебінің оқушыларына 494000 теңгеге Жаңа жылдық сыйлық жасап, 247 оқушыны қуантты. Алғыс білдіреміз!!
В преддверии волшебного праздника, по доброй традиции руководитель ПК "Нектар" Шамиль Гайнанович Каспранов поздравил детей Тамдинской средней школы и передал для них новогодние подарки, в которые вложена душа, от чистого сердца. Сладости получили 247 учащихся школы, на общую сумму 494.000 тенге. Благодарим!!!
14.12.2020

Жас қырандар

Тамды орта мектебінде 16желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсанында Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" "Жас Қыран"балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті
27.11.2020

Елін сүйген Елбасы

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай "Елін сүйген Елбасы"тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді
23.11.2020

Жалпыадамзаттық құндылықтар

2020 жылдың 23 қарашасында Өзін-өзi тану пәнінің мұғалімі: Мұратқызы Майгүлдiң ұйымдастыруымен 4 "а" сыныбы оқушыларымен "Жалпыадамзаттық құндылықтар-тұлғаны рухани-адамгершілік тәрбиелеудің негізі" тақырыбында Жалпы Республикалық бірыңғай өзін -өзі тану сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты-әрбір адам адал өмір сүрудiң,риясыз қызмет етудің,өзгелерге сүйіспеншілік танытудың әсерінен,адам өзін бақытты сезінетiнiн ұғынуы тиіс.
16.10.2020

Конституция сабағы

Тамды орта мектебінде 15 қазан күні бастауыш класс оқушылары үшін «Конституция сабағы» өткізілді. Оқушыларға адамның өмірі мен бостандықтары туралы айтылды. Өткізген: Әлеуметтік педагог М.Рамбаева
15.10.2020

Сен өз құқығыңды білесің бе?

15 қазан күні бастауыш сынып оқушыларымен "Сен өз құқығыңды білесің бе? сауалнама өткізілді. Өткізгендер: Рамбаева М.Е. Умудова Ж.С.
15.10.2020

Түсіндірме жұмыстары

Тамды орта мектебінің қызметкерлеріне «Жалған терроризм» туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді
03.07.2020

Бейнеролик "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес"

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) белгілі кино режиссер А.Сатаевтың шығармашылық тобымен бірлесіп түсірген қоғам арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнеролигін назарларыңызға ұсынамыз.

Бейнеролик