Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
01.03.2019

Алғысымыз шексіз!!!

Мектебімізде 1-наурыз "Алғыс айту" күніне орай 7-8 сынып оқушылары арасында "Шын жүректен алғыс айтамыз" тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Ата-аналарға, ата-әжелерге, еңбек ардагерлеріне алғыс айту мақсатында "Ризашылық пен Алғыс" атты іс-шара өткізілді. Шараға келген қонақтар оқушыларға жауап ретінде өз ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін, бата-тілектерін арнады.
28.02.2019

Қыз баланың бақыты

Тамды орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен (қыз балалар) "Қыз баланың бақыты", "Суицид" тақырыбында  "Алға дін және қоғаммен байланыс" орталығының маманы Досымханова Ділда қыз балаларға арнап дәріс оқыды және жиын соңында қыздармен тренингтер өткізді.
20.02.2019

Патриоттық әндер байқауы

Тамды орта мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарыалғанына 30 жыл толуына орай 2-5 сынып оқушылары арасында "Патриоттық әндер байқауы" өткізілді. Оқушылар жүлделі орындарға және номинациялармен марапатталды.
20.02.2019

Мерген-2019

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 30 жыл толуына орай өткізіліп отырған пневматикалық мылтық атудан мектеп оқушылар арасында аудандық жарысқа Тамды орта мектебінің командасы қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды және "Мерген-2019" сайысында ІІ орынға Куванышев Артур марапатталды. Құттықтаймыз!!!
09.02.2019

Қаза поэзиясының Хантәңірі

Тамды орта мектебінің 8а сыныбында сынып жетекшісі Тоқманбетова Ританың ұйымдастырумен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақ барысында ақынның балалаық шағы, жігіт шағы, отбасы, шығармашылығы туралы әңгіме қозғалды. Оқушылар ақын тралы деректерді келтіре отырып, ақынның жүрекжарды туындыларын шырқады. Сабақты Рита Айтбаевна "Есіне мені алғайсың" әнімен аяқтады.
09.02.2019

Қызылшаның алдын-алу!!!

Тамды орта мектебінде "Қызылша ауруының алдын-алу" тақырыбында мектеп медибикесі Қ.Махамбетова оқушыларға дәріс оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, сауалнама өткізді. сонымен қатар, 1-11 сынып оқушылары арасында аталмыш тақырыпқа тәрбие сағаттары өткізіліп, үлестірмелер таратылды.
05.02.2019

Мәңгілік ел - мәртебелі тіл

Тіл - ұлт татулығының алтын көпірі. Ана сүтімен бойымызға дарыған тіліміздің құдіреттілігіне, байлығына, қасиеттілігіне баға жетпейді. Мектебімізде "Мәңгілік ел-мәртебелі тіл" айдарымен Қазақ тілі, орыс тілі әдістемелік бірлестігің пәндік апталығының ашылуы өтті.
05.02.2019

Адалдық дүкені

Тамды орта мектебінде 5-ақпан күні жастар арасында адалдық пен адамгершілікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "Адалдық дүкен" тақырыбында акция ұйымдастырылды, акцияға оқушылар қатысты.
31.01.2019

Жас мамандармен жұмыс

Тамды орта мектебінде "Жас маман! Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына көмектес" атты мастер класс өткізілді. Шараның мақсаты: мектебіміздегі жас мамандарға оқушылармен байланыс жасауда тиімді қолданылатын әдіс-тәсілдерді үйрету, әдістемелік көмек көрсету. Шара барысында жас мамандармен алдыңғы қатарлы, еңбек өтілі мол, тәжірибесі , кәсіби шеберлігі зор ұстаздар жұмыс атқарды. Түрлі ойындар ойнатылып, топтық жұмыстар, кері байланыс жасалды.
30.01.2019

Біздің жігіттер!!!

Қаңтар айының 25 жұлдызында 8-10 сыныптар арасында "Серілер " сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында ұлдардың патриоттық тәрбиелерін шыңдау, қазақ халқының әдет-ғұрыптарын тани отырып, құрметтеуге тәрбилеу, оқушыларды эстетикаға баулу болып  табылады. Жалпы сайысқа жоғары сынып оқушылары қатысып, сайыс шарттарын орындады.
1- орын 10 сынып
2-орын 9 сынып
8а, ә сыныптары номинациямен марапатталды.
Ұйымдастырушы: Жас маман, өзін- өзі тану мұғалімі Мұратқызы Майгүл.
29.01.2019

Интернетсіз бір күн

Ғаламтордың жастарымызға пайдасы мен зияны қатар тиюде. Қазіргі таңда ғаламторға тәуелділіктің салдарынан адамдардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, тіпті жазу мәдениеті де төмендеп барады. Әлеуметтік желіні кім қалай пайдаланамын десе, өз еркі. Оған ешкім шектеу қоя алмайды. Әйтсе де жастарымыз интернеттің жақсы тұсын тиімді пайдаланғаны дұрыс.
Жуырда Тамды орта мектебінде  «Интернетсіз бір күн» акциясы өтті. Шараның мақсаты – жастардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға атсалысу. Сонымен бірге кітап оқуға үндеу, кітапхана жанынан ашылған үйірме, клубтармен таныстыру. Жастардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткізуге баулу.
28.12.2018

Қош келдің, Жаңа жыл!!!

Мектебімізде желтоқсанның 27-28 күндері 1-11 сынып оқушылар арасында жаңа жыл мерекесі өткізілді. Мереке қарсаңында мектеп акт залы әсем безендіріліп шырша құрылды.Мектептің безендірілуіне және мерекенің өтуіне 9-11-сынып оқушылары белсене қатысты. Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді.  Оқушылар қызықты қойылымдар тамашалап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Жиналған қауым өте жақсы көңіл күйде болды. Нәтижесінде, мектебіміздің жаңа жылдық мерекесі «өте жақсы» деңгейде өтті.
16.12.2018

Елімнің еркіндігі - тәуелсіздік!

Мектепте Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарға сәйкес  өткізілді.  Мерекеге орай мектеп кітапханасында Қазақстан Республикасының экономика, білім, медицина, әлеуметтік саласындағы жетістіктері туралы «Тәуелсіздік – халық мұраты» атты кітап көрмесі (Байманова С), дәлізде 5-11 сыныптарға «Тәуелсіздік шапағаты!»тақырыбында сурет байқауы (Кемалладинова М., Гайдаржи О.), дәліздегі теледидарда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне  арнап слайдтар, бейнероликтер көрсетілімі   ұйымдастырылды.  11 желтоқсан күні барлық сыныптарда «Тәуелсіз Елім - Тұғырым» тақырыбына  саяси хабар  өтті. (1-11 сыныптар). 5-15 желтоқсан аралығында  барлық сыныптарда Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне  арналған тәрбие сағаттары өткізілуде: «Қазақстан- менің мақтанышым!» (1-4сыныптар), «Іздеген жетер мұратқа» (5-8 сыныптар),  «Тәуелсіздік тарихы- ел тарихы» (9-11-сыныптар). Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар  оқушылардың бойында адамгершілікті, патриоттық сезімді, аяушылықты, төзімділікті, азаматтық парызды және басқа да асыл қасиеттерді дамытуға   өз септігін қосты.
01.12.2018

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 1991 жыл 1 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Міне сол жылдан бері Қазақстанның Президенті болып, елімізді көркейтіп, бүкіл дүние жүзіне қазақстан елін таныты десе болады. Осыған орай мектебімізде «Елбасы күні – елдікке құрмет» тақырыбында апталықтың іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
30 қараша күні 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиын Мемлекеттік Гимнмен ашылып, Елбасының тарихы туралы қысқаша мәліметтер берілді. Сонымен қатар, 2 сыныптың ең жас, ең ақылды, ең талантты деген оқушыларын  өз еріктерімен  «Жас Қыран» ұйымына қабылдады. «Жас қыран» ұйымына қабылдау  рәсімі мектебіміздің директоры мен мектеп әкімшілігі, мектеп ұстаздарына берілді. Жас Қыранға қабылданған оқушылар салтанатты түрде уәде беріп, өздерінің тақпақтарын айтты. Мектебіміздің директоры Жамансарина Алтын Иманқызы  1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні мен Жас Қыран ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады.  Сонымен бірге, оқушылардың дайындаған ән, би орындалды.
1-11 сыныптар «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы», «Қазақтың тұңғыш Президенті-қазағымның мақтанышы», «Елбасы-тәуелсіздігімнің тірегі» тақырыптарында бірыңғай сынып сағаттарын өткізді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын іске асыру мақсатында екі тілде «Болашаққа бағдар» және «Взгляд в будущее» атты видеофильмдер көрсетілді. Мектеп кітапханасында «Ұлт көшбасшысы- Елбасы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. 9-11 сынып оқушылар арасында «Елбасы ел тірегі, ел сенімі» тақырыбында зияткерлік ойын өткізілді. «Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел» тақырыбында жоғары сынып оқушылары арасында үздік мақала байқауы ұйымдастырылды.
28.10.2018

Күзгі мереке

Мектебімізде бастауыш сыныптарында "Берекелі -Алтын күз", "Волшебница осень" іс шара өткізілді. Бүлдіршіндер өз өнерлерін көрсетіп, берері мол дарқан күзге алғыстарын білдірді.
24.10.2018

Ұланбасы сайлауы

Тамды орта мектебінде Ұланбасы сайлауы өтті.Бұл сайлауға үш үміткеримиз қатысып өздеринин мақсат міндеттерімен таныстырды.Сайлау қорытындысы бойынша 100% Андижан Гүлзат Ұланбасы болып тағайындалды.
29.09.2018

"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы

Тамды орта мектебінде күн көрісі төмен, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасы балаларын мектепке дайындау мақсатында дәстүрлі Республикалық "Мектепке жол"акциясы "Жақсылық жасауға асығайык!" атты ұранымен ұйымдастырылды.
01.08.2018

"Мектепке жол" Республикалық қайырымдылық акциясы

Тамды орта мектебінде 1 тамыз бен  30 қыркүйек аралығында "Мектепке жол" дәстүрлі жалпы Республикалық қайырымдылық акциясы Ақтөбе облыстық "Бақытты бала" жобасы аясында "Жақсылық жасауға асығайық" ұранымен өткізілуде. Акцияға қатысуға шақырамыз!!!
06.03.2018

Мамин день

Накануне 8 марта в нашей школе прошел конкурс "А ну-ка, мамы + дочки". В конкурсе участвовали мамы и девочки начальных классов. Участницы были в позитивном настроении и активные. По итогам конкурса участницы были награждены по номинациям и маленьким принцессам были присвоены прекрасные звания.  
05.03.2018

Екі жұлдыз

8- наурыз мерекесіне орай мектебімізде 5-7 сыныптар арасында сынып жетекшісімен "Екі жұлдыз- 2018" байқауы өткізілді.Бағдарламада: 1.Шәмші әндері
2. Кино әлеміндегі әндер.
3. Өзге тілдегі әндер.
Байқау бас жүлде мен номинациялар мен марапатталды.