Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
01.03.2018

Баршаңызға мың алғыс!

1  наурыз - Алғыс айту күніне орай мектебіміздің бүлдіршіндері өздеріне дүние сыйлаған ата- аналарына, әже-аталарына, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына және де барша жанына жақын жандарға алғыстарын әнмен, жырмен, өлең жолдарымен және бимен жеткізді. Баршаңызға мың алғыс!!!
18.02.2018

Аудандық спартакиада

17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қысқы спорт түрлерінен аудандық спартакиада өткізілді.Шараға ауылдық округтер мен аудан мектептерінен 18- 60 жас одан да жоғары жастағы барлығы 60 спортшы қатысты.
16.02.2018

Ұрпақтар сабақтастығы

Тамды орта мектебінде 2018 жылдың 16 ақпанында «Ұрпақтар сабақтастығы»атты іс –шараны      9а сынып жетекшісі С.Ж.Каиргалиева ұйымдастырып өткізді.
12.02.2018

Жас патриот

10 ақпан күні 2-10 сыныптар арасында "Жас патриоттар" атты мектепішілік сайыс өткізілді. Сайыста ән, би, көрініс, саптық жүріс көрсетілді. Мектебіміздің жас өрендері өз өнерлерін нағыз патриот ретінде көрсете білді. Сайысқа қатысушылар бірнеше кезең бойынша жүлделі орындармен марапатталды.
12.02.2018

Самопознание: Педагогика Любви и Творчества

12 февраля 2018 года в Тамдинской средней школе прошло закрытие декады."Самопознание : Педагогика Любви и Творчества".
Театрализованное представление "Алиса в стране чудес" подарило радость присутствующим. Организаторы мероприятия завершили декаду с запуском шаров в небо.
10.02.2018

Мұқағали Мақатаев

Мектебімізде қазақ халқының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 5-7 сынып оқушылары аралығында "Мұқағали- мәңгілік ғұмыр"атты Мұқағали оқулар байқауы өткізілді.  
09.02.2018

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Тамды орта мектебі бойынша сыбайлас  жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет жүйесінің беделін арттыру мақсатында кітапханашы Салтанат Байманова "Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!" тақырыбында 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізді. Оқушыларға "Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері кітабы", "Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы кітабы"
"Қазақстан Республикасының Конституциясы кітабын" таныстырумен қатар, жағдаяттық сұрақтар қойып, сапалы кеңестер де бере кетті.
08.02.2018

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы асында 5 ақпан күні тәлімгер Набрешова Салатанаттың ұйымдастыруымен "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалдық сайысы, 6 ақпанда бастауыш және орта буын сынып оқушылары арасында "Бақыттымыз біз бірге" тақырыбында флешмоб, 7 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Л.Садуақасова 8-11 сынып оқушылары арасында "Полиглот" атты сайыс ұйымдастырды. Ал 8 ақпан күні тәлімгер С.Стретенцова  "Турнир знатоков" атты сайыс өткізді.
01.02.2018

Утро радостных встреч

1 февраля 2018 года в Тамдинской средней школе состоялось торжественное открытие декады "Самопознание: педагогика любви и творчества".
31.01.2018

Әке мен бала

Әкенің отбасындағы рөлі мен міндеттері, балаларының алдындағы мәртебесін көтеру, балалардың әке қадірін, оның өміріндегі айрықша орынын түсіндіру мақсатында мектебіміздің бастауыш сыныптарының оқушылары мен әкелері арасында көңілді де танымды "Әке - асқар тауым", "Мой папа самый лучший", "Самый лучший папа" тақырыптарында  іс-шаралар өткізілді.
22.01.2018

"Мәңгілік ел - мәртебелі тіл!"

Мектебімізде қаңтар айының 22-31 күндері "Мәңгілік ел-мәртебелі тіл"атты қазақ тілі, орыс тілі әдістемелік бірлестігінің он күндігі жоспарға сәйкес ұйымдастырылып, өткізілуде. Онкүндік салтанатты ашылумен бастылып,  қызықты да, жүйелі ашық сабақтармен жағасын тапты.
10.01.2018

"Үздіктер" слеті

"Біз сендерді мақтан етеміз" атты " үздіктер " слетті 5-7 сыныптар арасында өткізілді.
Мектебіміздің мақтаныштары оқу үздіктері аталып, салтанатты шарада ғылым, білім, өнер, спорт саласында елеулі жетістіктерге жеткен оқушылар марапатталды.
29.12.2017

"Қош келдің, Жаңа Жыл!"

Мектебімізде 26-28 желтоқсан күндері мектеп алды даярлық тобы мен 1-11 сынып оқушылары арасында Жаңа Жылдық шырша мерекесі болып өтті.
18.12.2017

Мерекелік көңіл -күй

Теуелсіздік мерекесіне орай мектепте  сынып оқушыларының, мұғалімдердің қатысуымен спорттық ойындар, волейбол жарысы, хоккей, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары, спорттық эстафета өткізілді. Оқушылар шараға белсене қатысып, үйлеріне мерекелік көңіл-күймен оралды.
15.12.2017

Тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күні қарсаңында мектебімізде мектеп алды даярлық тобының жетекшісі Р.Степанова мен Л.Талипованың ұйымдастыруымен "Қазақстан бақытты" атты іс-шарасы өткізіліп, мектеп тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары "Тәуелсіздік - жыр әнім" атты шарада патриоттық әндер орындады. Мектеп кітапханашысы Б.Изимова "Тәуелсіздік - ел тірегі" тақырыбында кітаптар мен журналдар көрмесін өткізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Сағымбаеваның басшылығымен мектеп оқушылары арасында Астана қаласының 20 жылдығына орай "Ел жүрегі - Астана" атты танымдық сабақ өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында "Тәуелсіз елдің ертеңі - біз" атты мерекелік концерт өтті.
28.11.2017

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай барлық сыныптарда тәрбие сағатары өткізілді. Ел Президентінің кемел саясатымен таныстыру  мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында "Үздік презентация", "Үздік мәнжазба" атты сайыстар өткізілді. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталды.
19.10.2017

Здравствуй, Золотая осень!

19 октября в начальных классах прошло праздничное мероприятие, посвященное Дню Осени. Дети с нетерпением ждали этого мероприятия и очень серьезно к нему готовились: учили стихи, песни, танцы. И сегодня они показали свои умения и навыки самым дорогим – своим родителям! А самое главное дети показали своё отличное настроение, свои сверкающие от радости глаза и искренние улыбки…
06.10.2017

Ұстаз - ұлы тұлға

Қазан айының 6-сы  күні оқушылар комитетінің ұйымдастыруымен өткен халықаралық ұстаздар күніне арналған «Ұстаз ұлы - тұлға» атты мерекелік концерт өтті. Білім жолында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарды құттықтау үшін мектеп оқушылары мектеп ішін безендіріп қана қоймай, мұғалімдерді есік алдынан ыстық қошеметпен қарсы алудан бастау алған мерекелік бағдарлама жалғасын өзін-өзі басқару ұйымының әзірлеген мерекелік кешіне ұласты. Концерт барысында тек ән, би ғана емес, түрлі көңілді ойындар ойнатылып, мұғалімдер қауымын бір сергітті.Оқушылар ұстаздарына арнап жылы лебіздерін білдірді. Мұғалімдерге арналған мерекелік концерт ұстаздармен басқа да қонақтардың көңілінен шықты.
08.09.2017

Отбасы күні

Отбасы күніне орай мектебімізде "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында апталық өткізілді. Апталық аясында бастауыш сынып оқушылары арасында сурет көрмелері ұйымдастылды. Отбасылық құндылықтарды түсіндіру  мақсатында әрбір сыныпта тәрбие сағаттары өтті.
08.09.2017

"Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда!" атты іс-шара өткізілді

8 қыркүйек күні мектептің спорт алаңында "Біздің денсаулығымыз - өз қолымызда" тақырыбында спорттық іс-шара өткізілді. Оқушылар дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің нұсқауымен түрлі жаттығулар жасап, көңілді әуен ырғағымен би де биледі.