Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
07.09.2017

"Отбасым -байлығым" атты суреттер көрмесі өтті

Отбасы күніне орай мектебімізде тәлімгерлер С.Набрешова мен С.Стретенцованың ұйымдастыруымен 1-4 сынып оқушылары арасында "Отбасым - байлығым" тақырыбында сурет көрмесі өтті. Бүлдіршіндер шараға белсене қатысып, өз отбасына деген ыстық ықыластарын қылқаламмен жеткізді.
02.09.2017

Білім күні

Білім күніне арналған 1-11-сыныптарға «Мен - өз елімнің патриотымын» патриоттық күнге арналған «Армысың –алтын ұя мектебім»  атты салтанатты жиын  салтанатты сап түзеу жиыны өткізілді.  Салтанатты жиын мемлекеттік туды енгізілуімен және мемлекеттік әнұранның орындалуымен басталды.  Мектеп директоры А.И.Жамансарина  құттықтау сөзінен кейін жиынымыздың қонағы Алға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сұлтанов Талғат Болатович және Тамды селолық округінің әкімі А. Ғ.Еспагамбет  барша оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдер мен қатысушы қонақтарды жаңа оқу жылының  басталуымен  құттықтап, сәттілік тіледі және алғашқы мектеп есігін ашқан бүлдіршіндерге еліміздің Президенті Н. Назарбаевтың атынан кітап табыс етілді. Жиында биылғы жыл халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінің өткізілуі тарихи жыл екендігі туралы айтылды. Тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған 1-сыныптың ұл-қыздары  өлеңдерін оқыды.  Білім күніне арналған "Мен өз елімнің патриотымын!" тақырыбында 1-11 сынып оқушыларына алғашқы білім сабақтары жалғасын тапты.
28.07.2016

"Бәріде ана бір өзіңнен басталады"

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және 6 А сыныбының сынып жетекшісі Басенова Банудың 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесіне ашық тәрбие сағатын өткізді. Ашық тәрбие сағатына оқушылардың  аналары шақырылды. Оқушылар аналарына арнап ән салып, би биледі. Өте әсерлі , тамаша өтті.
26.07.2016

Заманауи әдіс-тәсілдерді меңгерту

Директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары Есенова Дамира Балтабекқызы жас мамандарға "Заманауи әдіс- тәсілдерді меңгерту" тақырыбында семинар өткізді.

Тәуелсіздік - тұғырым

Еліміздің тәуелсіздік мерекесі қарсаңында мектебімізде "Елімнің ертеңі- Тәуелсіздік" тақырыбында 1-11сыныптарында тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағатында оқуышларды патриоттықөа тәрбиелеу, елін, жерін сүю, оның құндылықтарын құрметтеу, қорғау туралы тақырыптар қозғалды.

Мектептер арасындағы желілік қоғамдастық кездесу

Тамды орта мектебі мен №3 Алға тірек мектебі арасындағы желілік қоғамдастық кездесу барысында "Оқытудың жеке тұлғаға бағытталуының он тәсілі" тақырыбында коучинг өткізілді.