Мектеп тарихы

Тамды орта мектебінің тарихы

1924 жылы кішкентай Тамды ауылына мұғалім Лидия Эдуардовна Середович келді. Теміржолшылар тұратын казармада №47 бастауыш мектеп болды, -бірақ ол мектепке ауыл балаларын қабылдамайтын еді. Ауыл тұрғындары Лидия Эдуардовнаның мұғалім екенін біліп, Тамды ауылында мектеп ашу керек деген ұсыныспен ГУБОНО- ға (ол кездегі атауы) өтінішпен шықты.  


    1925 – 26 оқу жылында ауылда 1-4 сыныптарға арналған бастауыш мектеп ашылып, оқушылар саны – 37 баланы құрап, мектептің жөндеу жұмыстары мен жылуына ата- ана комитеті көмек көрсетті. Кейін бастауыш мектеп жетіжылдық мектеп болып қайта құрылды. Мектептің бірінші меңгерушісі Вишневский, ал кейінгі меңгерушісі Бондаренко болды.

    1941 жылы мектеп директоры Константин Андреевич Гусев болды, ол соғыстың алғашқы күндері- ақ өз еркімен соғысқа аттанып, сұрапыл соғыста қаза болды. ҰОС аяқталғаннан кейін мектеп жаңа көрнекті құралдармен қамтамасыз етіле бастады, жаңа плакаттар мен басылымдер пайда болып, мектеп кітапханасы жаңа кітаптармен толықтырылды.

    1957 – 58 оқу жылдарында мектеп орта мектеп болып қайта құрылды, оқушылар саны 215 болса, балалар үйінің 180 бүлдіршіндері осы мектепте білім алды.

   1965 жылы Тамды орта мектебінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталып,  пайдалануға берілді.

Мектеп директорлары:  А.Коргулин, Ғ.Ботағарин, Х.Қоғабаев, М.А.Самарский, Е.Д.Луцева, А.З.Гайдаржи, А.С.Ходжаев, А.И.Жамансарина.