Демеушілік көмек

2017 жылдың қаңтар айынан бастап Тамды орта мектебіне көрсетілген көмек.

  • 2017 жылдың қаңтар айында мектеп  түлегі Жамансарин С. А. 9 терезеге 45 мың теңгеге жалюзи алып берді.

  • 2017 жылдың наурыз айында мектеп түлегі Әбілқайырова А.Қ.  мектеп дәліздерін көгаландыру мақсатында 12 мың теңгеге гүл құмырларын сыйға тартты.

  • 2017 жылдың мамыр-маусым айларында мектеп ұжымы мектеп ауласын абаттандыру және көгаландыру мақсатында 38 мың теңгеге 250 түп петунья гүлін алды.

  • 2017 жылдың шілде –тамыз айларында ата-аналар қаржылай көмегімен оқу кабинеттеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді барлық соммасы - 240 мың теңге.

  • ШҚ «Өсербай» басшысы Усербаев Елтай 146 мың теңгеге ағымдағы жөндеуге қажет құрылыс құралдарын және 40 мың теңгеге спорт құралдарын алып берді.

  • 2017жылдың қыркүйек айында  жеке кәсіпкерлік  «Жаленова Ш.Е.»  Тамды орта мектебіне 90 мың теңгеге Мемлекеттік Елтаңбаны сыйға тартты.

  • Осы айда мектеп түлектері Б.А.Басенова  «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы құны 20 мың көлеміндегі стенд және  Ж.А.Жаманбаева «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы 10 мыңдық баннерді сыйлады.

  • Осы жылдың қазан айында «ПГС-Тамды» ЖШС 115 мыңға питьевой фонтан сыйлады. 

Барлығы: 845 мың теңгеге Тамды орта мектебіне демеушілік  көмек көрсетілді.