Тәрбие сағаттары
Өнерлі бүлдіршіндер
Жас Ұлан
Биікке самға, жас маман!
Код сағаты
ҚР Білім және Ғылым министрлігі 14 маусым Қазақстанда барша 11- сынып түлектеріне аттестат табыстау  салтанатын өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Шешімге сәйкес  іс-шара міндетті түрде әр мектептің өз аумағында, ашық алаңда, белгілі бір мөлшердегі адамдардың қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізуді қатаң ескертті.

Бүгін аталған талаптарды сақтай отырып Тамды  орта мектебінің ауласында аттестат табыстау рәсімі болып өтті. 11-сынып оқушылары және олардың ата-аналарының қатысуымен өткен жиында мектеп директоры Жамансарина Алтын Имановна   сөз сөйлеп, алдағы өтетін ұлттық біріңғай тестілеу сынағынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, мамандық таңдаудағы маңызды қадамдарына ақ жол тілеп, ата-аналар мен ұстаздар қауымын құттықтап, түлектерге аттестаттарын табыстады.

Бүгінгі күнге дейін білімде жоғары деңгей көрсетіп жүрген білім ордасынан 16  жас түлек сапалы білім мен саналы тәрбие алып, болашаққа қанат қақты. Оның ішінде Сатаева Линара Русланқызы, Тынымқұлова Алтынзер Алмасқызы «Алтын белгінің» және Саранова Назерке Русланқызы «Үздік аттестаттың» иегері атанды. Сонымен қатар білім мен спорт, өнер саласында жетістіктерге жетіп жүрген түлектер де марапатсыз қалмады.

Салтанатты рәсімнің барысында мектеп бітірушілер білім ордасына деген  қимастық әндерін айтып, мектеп қабырғасындағы соңғы билерін биледі.