Доп. курсы / факультативы

Тамды орта мектебінде 2018-2019 оқу жылында  қосымша білім беру бағдарламасы бойынша 3 үйірме жұмыс атқарады. 

Жұмыстың мақсаты:Тәрбие мен қосымша білім беру салаларын білім беру саясатының басты бағыттары деп айқындау,тәрбие беру ісін еркін және жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағыттау,әр балаға тәрбие мен қосымша білім беруге дербес бағытталуды қамтамасыз ету.

Жұмыстың міндеті:Оқушыларға қосымша білім берудің қолжетімді болуын дамыту және сақтау,оқушылардың білім алу ынтасы мен әлеуметтік қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушының шығармашылық тұрғыда дамуына мүмкіндік беру аясын кеңейту.

  • Вариативтік тәрбие жүйелерін құру және дамыту арқылы тәрбиелілігі деңгейін көтеру.

  • Қосымша білім беру рөлін арттыру.

  • Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

  • Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,тиімді тәрбие сағаттары мен танымдық шараларды өткізу.

Мектеп бойынша жұмыс атқаратын 3 үйірме тақырыптары келсідей: "Шебер қолдар", "7-умений", "Сымбат пен мүсін икемділігі" драмалық үйірмесі. 

"ШЕБЕР ҚОЛДАР" ҮЙІРМЕСІ

"Шебер қолдар" үйірмесінің жетекшісі - Кемалладинова Мейірім. Жалпы үйірмеге 25 оқушы қатысады. 
Үйірменің мақсаты мен міндеттері: Оқушыларды қолөнерге баулу, өнерге деген қызығушылығын, шығармашылығын арттыру. Оқушыларды жинақтылыққа, төзімділікке, икемділікке, ұқыптылыққа,  тиянақтылыққа тәрбиелеу.
                                                                                                      

 "Шебер қолдар" үйірмесінің жұмысының графигі

  І-топ                                                     ІІ-топ
Сейсенбі  15.00-17.00                      Сәрсенбі  10.00-11.20
Бейсенбі   15.00-17.00                      Жұма       10.00-11.20

                 

                   


"СЫМБАТ ПЕН МҮСІН ИКЕМДІЛІГІ" ДРАМА ҮЙІРМЕСІ

"Сымбат пен мүсін икемділігі" драмалық үйірмесінің жетекшісі - Мырзағалиева Д.Н. Үйірмеге 5-8 класс аралығындағы 30 оқушы қатысады. 

Мақсаты: оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

- оқырмандық, көрермендік талғамды қалыптастыру;

- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

Міндеті:

- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.

"Сымбат пен мүсін икемділігі"  драма үйірмесінің жұмысының графигі

5А, 5Ә          Дүйсенбі        10.00-11.25

6А                Сәрсенбі         09.30-11.45

7А                 Бейсенбі          09.30-11.45

8А                Дүйсенбі         15.00-16.25

                      Сәрсенбі         15.00-16.25 

8Ә                Сейсенбі          15.00-16.25

                         Бейсенбі         15.00-16.25

    


"7-умений" қолөнер үйірмесі

"7 - умений" қолөнер үйірмесінің жетекшісі - Гайдаржи О.С. Жалпы үйірмеге 5-8 сынып аралығындағы 20 оқушы қатысады.

Үйірменің мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

"7-умений"  қолөнер үйірмесінің жұмысының графигі

Дүйсенбі         09.00-11.30

Сейсенбі         09.00-11.30

Жұма              15.00-17.30